Экология, геология және табиғи ресурстар мен Ішкі істер министрлерінің арасында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күресу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу бойынша қабылданған жоспар және бірлескен бұйрықты іске асыру шеңберінде Қапшағай қаласында балық ресурстарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.
Айта кетсек, И. азаматшасында 530 келі балықтың бірнеше түрі, сондай-ақ, 140 км (140 000 метр) жуық пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары (синтетикалық моножіптер мен моноталшық) тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген алдын-ала залал көлемі 1 млн 211 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар жалғасуда.