BusinessБасты

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді – Ұлттық банк

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді. Бұл туралы Ұлттық бактің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов айтты.

Жүргізілген бағалау нәтижесі бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік екінші ай қатарынан төмендеп келеді. 2021 жылдың қаңтар айында индекс 48,4 (2020 жылғы желтоқсанда – 49,0) болды.

«Индекстің төмендеуі, көбіне,өнеркәсіптегі көрсеткіштің азаюына байланысты болды,бұнда көрстекіш төмендеу аймағына өтіп, 49,4-ті құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 50,3 болған).Қызмет көрсету секторында да индекстің 47,4-ке (2020 жылғы желтоқсанда – 48,0) дейін төмендеуі байқалады.Ал құрылыстағы іскерлік белсенділік өсу аймағына қайта оралып, 51,1 (2020 жылғы желтоқсанда – 49,5) құрады.

Қаңтарда өңірлер бойынша көрсеткіштер Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсарды. Индекстің едәуір нашарлауы Жамбыл,Түркістан облыстарында байқалады.

Нақты сектор кәсіпорындары қаңтарда бизнес жүргізудің қазіргі жағдайын жалпы теріс бағалады: оң және теріс бағалау арасындағы жауаптар балансы (–)2,6 шегінде қалды.Қазіргі жағдайдың нашарлауы, көбіне, сұраныс пен салық жүктемесінің әсерінен болды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айға күтулері анағұрлым оптимистік көзқараста: болашақ жағдай бағалауы 15,1 құрады.Нәтижесінде қаңтарда бизнес-ахуал индексі 6,0 болды.

Қаңтарда сауалнамаға 456 кәсіпорын қатысты: құрылыс саласында – 66, өнеркәсіп саласында – 172, қызмет көрсету саласында – 218.

Басқа жаңалықтар

Back to top button