EducationБасты

Қазақстандағы үздік ұстаздар анықталады

2 қазан сағат 11:00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды  Jana-kezen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мерекелік жиын барысында «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары анықталады.

Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Сондай-ақ мұғалімдерге бұл күні білім беру саласындағы жоғары награда – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі табысталады.

Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ «Хабар 24» республикалық телеарнасы арқылы сағат 11:00-де көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button