Алматыда жаяу жүргіншілер көшелерінің бойына үй салуға тыйым салынды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлім етті.
Жаңа ережеге сәйкес, жаяу жүргіншілер көшелерінің бойында көпқабатты үйлер салуға, кварталдардан эвакуациялық шығуға тыйым салынады.
Мектепке дейінгі білім және жалпы білім ұйымдарын кіріктірілген нысандардың және 12 қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде, сондай-ақ жер астына және қосалқы салынған автотұрақтардың үстіне орналастыруға жол берілмейді.
Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, Алматы қаласының аумағында, қала құрылысын арнайы реттеу аймақтарынан тыс жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде олар негізгі көшелердің қызыл сызықтарынан кемінде 6 метр қашықтықта, ал жергілікті жолдардың кемінде 3 метр алшақ орналасуы тиіс.
Осы талаптардың орындалуы құрылысты жобалау кезеңінде бақыланады.
«Жаңа ережелерге сәйкес, әзірлеушілер архитектуралық имиджге ғана емес, сонымен қатар автотұрақтарды, бірыңғай стильдегі шағын архитектуралық пішіндерді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз өту аймақтарын, орындықтарды, урналарды, гүл алаңдары, балалардың ойын алаңдарын жасаулары тиіс. Бұдан өзге, жайлы жағдайлар жасау үшін аулаларды жарықтандыру, демалыс аймақтары мен коммуналдық алаңдарды құру жөніндегі талаптар міндеттеледі»,- деді басқарма басшысы.