EconomyБасты

Шығыс Қазақстанда 2 әуежай қайта жаңартылады

Шығыс Қазақстан облысында 2 әуежай қайта жаңартылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласы мен Үржар ауданының орталығындағы әуежайларды қайта жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. 2020-2022 жылдар аралығында іске асатын бұл жобаға 15,3 млрд теңге бөлінеді.

«Өскемен әуежайындағы ұшу-қону жолағы 2800 метрге дейін ұзартылады. Ал Үржардағы әуежай қосымша тағы 2100 метрге дейін созылмақ. Нәтижесінде мұнда үлкен ұшақтар емін-еркін қона алатын болады. Сондай-ақ уақытша сақтау қоймалары, жүк терминалы салынып, әуе кемесінің тұрағы кеңейеді. Әуежайда жылу жүйесі ауыстырылып, резервтік электрлік қуаттандыру жүзеге асырылады», – деп хабарлады басқарма мамандары.

Биыл тек облыс орталығындағы әуежайда құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілмек. Әуежайдың жұмысы режимінде әзірге еш өзгеріс болмайды. Негізгі жұмыс 2021 жылы басталады. Сол кезде барлық рейстер кешкі және түнгі кезеңдерге ауыстырылады.

«Күндіз қайта жаңарту жұмыстары жүргізілсе, кешке қарай әуежайдан жолаушылар сапарға аттанады. Әуежайдың жұмысы тоқтамайды» делінген мәліметте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button