Биыл 30 сәуірде Алматы облысы Талғар ауданының Алмалық ауылында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағын қайта дамыту, сондай-ақ шетелдік және отандық селекцияның жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің гендік қорын сақтау және кеңейту мәселелерін сараптамалық талқылау ұйымдастырылады.
Іс-шараға ғалымдар мен ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының, ҚазҰӨА, Егін шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы ҚазҒЗИ, ботаника және фитоинтродукция институтының, ҚР отырғызу материалдарын өндірушілер қауымдастығының, Қазақстан бағбандар одағының, Алматы облысы бағбандар бірлестігінің, Сиверс алмасын сақтау халықаралық қорының, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰДБ, Іле-Алатау және Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің өкілдері, сондай-ақ экологтар мен Алматы қаласының қоғамдық даму кеңесінің мүшелері қатысады.
Егер сізге көпжылдық бақша дақылдарының гендік қорын сақтау тақырыбы қызықтырса және осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса info@favri.kz немесе zaryna.is@mail.ru электронды мекенжайына жолдасаңыздар болады.
Байланыс телефондары: 8 705 396 05 11, 8 771 415 21 51
Анықтама: ҚазҒЗИ жеміс-көкөніс шаруашылығының помологиялық бағы 1937 жылы құрылған. Институттың генетикалық өсімдік ресурстары коллекциясы өте бай. Оның құрамына алуантүрлі ботаникалық, генетикалық, географиялық және экологиялық үлгілер кіреді.