FinanceБасты

Зейнетақы жинағы: 80 мыңнан аса адамның өтініші қабылданды

БЖЗҚ 25 қаңтардан 5 ақпанына дейінгі аралықта уәкілетті операторлардан мақсатты пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға жолдаған 80 929 салымшының өтінішін қабылдады.

Жалпы сомасы 322,8 млрд теңгеге жуық 59 157 өтініш (73%-дан астам) алдын ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ 21 772 өтінішті (шамамен 27%) заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылдамады.

Осылайша, 25 қаңтардан бастап уәкілетті операторлар болып табылатын банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына шамамен 217 млрд теңге аударылды.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:
1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button