PoliticsБасты

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге несие 2%-бен беріледі

Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге 12 ай мерзімге жылына 2%-бен несие беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Зардап шеккен шағын және орта бизнес субектілерін қолдау мақсатында 2%-дық кредит тағайындалады. Шекті сомасы 10 млн теңгеге дейінгі кредиттің мерзімі 12 ай. Сондай-ақ Infokazakhstan.kz порталына жүгінген кәсіпкерлердің кредиті мен өсімпұлы 180 күнге дейін шегеріледі. Бүкіл кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жарты жылға дейін кредит берудің жоғары шегі сақталады. Оған қоса кепілсіз кредиттің жылдық мөлшерлемесі төмендейді, яғни 12 пайыздан 9%-ға дейін»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button