EconomyБасты

Елімізде көлеңкелі экономика деңгейі қаншалықты төмендеді

Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі қаншалықты төмендегені туралы статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жариялады.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Марат Сұлтанғазиев 2019-2021 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары орындалып жатқанын айтты.

«Біз көлеңкелі айналымға қарсы күрестің негізгі құралына айналған тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құрдық. Астана-1 және ЭШФ ақпараттық жүйелері енгізілді. Салықтың 99% және кедендік декларациялардың 100% қашықтан беріледі. «Е-терезе» жүйесіне рұқсат құжаттарын беретін 13 ақпараттық жүйені біріктірдік. Қызметтерді алу уақыты 30-дан 5 күнге дейін қысқарды», – деп атап өтті комитет басшысы.

Оның айтуынша, «Электронды шот-фактура» жүйесін енгізу тиімділігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, белгілі бір тауарлық позициялар үшін тауарлардың қоймалық есебін және онлайн-контрагенттермен операцияларды көруге мүмкіндік беретін «Виртуалды қойма» модулі енгізілген. Барлығы 505 мың пайдаланушы тіркеліп, 558 миллионнан астам ЭШФ өңделген. 2020 жылы қосымша түсімдердің мөлшері 149 млрд теңгені құраған.

«Барлығы 86 түрлі тәуекел модельдерін құрдық, 12 миллиардтан астам цифрлық құжаттарды өңдедік», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button