Tech

Астанада киберқауіпсіздік саласындағы жаңа шешімдер таныстырылды

Astana Hub алаңында Demo Day iBatyr бірегей іс-шарасы өтті. Қазақстандағы киберқорғаныс саласындағы инновациялық технологиялар мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларына таныстырылды. Бағдарлама аясында кибершабуылдарды модельдеу және деректер мен веб-қосымшаларды қорғау құралдарын сынақтан өткізді

Іс-шараны ҚР Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен «iBatyr» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Жеке деректердің таралуын алдын алу, мемлекеттік сервистерді стандарттан тыс қауіптерден қорғау, қауіпсіздік жүйелерін интеграциялау мен қызметкерлердің тәртібін күшейту мәселелеріне басты назар аударылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қатысушыларға iBatyr компаниясының шешімдері таныстырылды:

  • iBatyr Monitor — мекемедегі оқыс оқиғаларды зерттеуге және жеке деректердің таралып кетуінің алдын алуға мүмкіндік беретін құрал.
  • iBatyr WAF — веб-қосымшалардың интеллектуалды «қорғаушысы», нақты уақыт режимінде шабуылдарды бұғаттайды. Әсіресе мемлекеттік сервистер мен миллиондаған азаматтардың жеке деректері өңделетін онлайн-платформалар үшін аса маңызды.

«Бүгінде жеке деректерді қорғау — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біздің шешімдер қазақстандық технологиялардың заманауи цифрлық қауіптерге тиімді қарсы тұра алатынын және мемлекеттік әрі корпоративтік сервистерге пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз ете алатынын көрсетіп отыр», — деді «iBatyr» ЖШС директоры, киберкластер қауымдастығының төрағасы Виталий Ли.

Басқа жаңалықтар

Back to top button