TechБасты

Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаларды әшкереледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаларды әшкереледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz 

Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламалардың теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықпен байланысты болды.

Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.

Ақпараттық порталдың Telegram-дағы адресі t.me/stopfake_kz. Сондай-ақ, редакцияның +7 707 739 5599 Whatsapp нөміріне кез келген деректің дұрыстығын тексеру үшін хабарлама жіберуге болады

Басқа жаңалықтар

Back to top button