PoliticsБасты

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірнеше елдегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды.

  • Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
  • Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
  • Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button