EconomyБасты

Картоп пен сәбіз қашан арзандайды?

Картоп бағасы күзде бірнеше есеге төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясында айтты.

«Сәбіз мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бірнеше есеге төмендейді деп күтеміз», – деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай байқалады.

«Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды», – деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button