Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай «Аккредиттеу: экономикалық өсу мен қоршаған ортаның тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыс шеңберінде қатысушылар экономикалық өсудің тұрақтылығын, қоршаған ортаны қорғауды, климаттың өзгеруін, CORSIA бағдарламасын (Халықаралық авиация үшін көміртегі газ қалдықтарын өтеу және азайту жүйесі) іске асырудағы аккредиттеудің рөлі мен маңыздылығын талқылады, деп хабарлайды ИИДМ-нің баспасөз қызметі.
2019 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі CORSIA пилоттық және бірінші фазасына ерікті түрде қатысатынын жариялады, оның жобасына қазіргі уақытта әлемнің 111 елі қатысады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компаниялардан улы газ қалдықтарының көлемі туралы есепті ИКАО-ға жібереді. 2019 жылы қазақстандық әуекомпанияларда газ қалдықтарының жалпы көлемі 832 026 тоннаны құрады, 2020 жылы 315 805 тоннаны және 2021 жылы шамамен 800 000 тоннаны құрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңына халықаралық ұшуларды орындайтын операторлар үшін міндетті мониторинг, есептілік және верификация туралы Заңға түзетулер енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық верификация органдарына барлық әуекомпанияларға верификация процесін едәуір жеңілдететін ИКАО аккредиттеуді алу қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының авиациясы үшін экологиялық стандарттарды әзірлеу және енгізу қажет. Қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен қажетті зерттеулер жүргізуде және стандарттарды енгізуде оларды қолдау туралы келіссөздер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда азаматтық авиация адам қызметінің нәтижесінде CO2 ғаламдық газ қалдықтарының 2%-н құрайды. Авиация секторының экологияға әсерін ескере отырып, 2016 жылдың қазан айында ИКАО Ассамблеясының 39 қарарымен «халықаралық ұшулар нәтижесінде СО2 жиынтық эмиссиясы көлемінің кез келген жылдық өсу проблемасын шешу» мақсатында CORSIA жаһандық нарықтық тетігі бекітілді.
ИКАО авиацияның климатқа әсерін азайту жөніндегі шаралар қоржынына кіретін CORSIA жүйесі халықаралық ұшуларды орындау кезінде шығарылатын CO2 эмиссиясын өтеу арқылы көміртегі-бейтарап өсімді қамтамасыз етуге арналған.
Халықаралық рейстерді орындайтын әуе кемелерін пайдаланушылар барлық халықаралық ұшулардан СО2 газ қалдықтарына мониторинг жүргізуі тиіс. Халықаралық рейстер туралы мәліметтерге сүйене отырып, CORSIA компенсаторлық шаралар қолданылатын базалық деңгейді анықтайды.
CORSIA енгізудің үш кезеңі бар және алғашқы екі кезең ерікті болып табылады. 2027 жылдан бастап бағдарлама барлық мемлекеттерді қамтитын болады.