SocialБасты

Таразда су тасқынының алдын алу жұмыстары қызу жүргізілуде

Тараз қаласында көктемгі су тасқыны қаупін туындатпас үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін бақылау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың ақпан айының екінші жартысында қаланың дренаждық жүйесі тексеріліп, Тараз қаласының әкіміне актілер жасалып, қажетті тазарту жұмыстары туралы ақпарат берілген. Бұл туралы Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары хабарлады.

«Қала аумағында жалпы ұзындығы 80 шақырымнан асатын сегіз канал бар. Бұлар: «Сенкібай», «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді», «Базарбай», «Түйте» каналдары. Сонымен қатар «Шалғай Қарасу» және «Тайвань» тұрғын үй аумақтарындағы ұзындығы 13 шақырым болатын екі дренаждық каналдар да ескерусіз қалмайды. Қаланың ирригациялық арықтарының ұзындығы 164 шақырымды құрайды. 500-ден астам су өткізгіш құбырлары автомобиль және темір жолдары астымен өтеді. Мұның бәрі біздің назарымызда»,- дейді ТЖБ офицері аға лейтенант Данияр Келіс.

Сондай-ақ, ол Тараз қаласының аумағында жер асты суларының көтерілуіне жол бермеу мақсатында мердігер ұйымдармен ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап дренаждық каналдарды тазарту жұмыстары басталғанын жеткізді. Әсіресе, қауіпті саналатын «Тайвань» және «Шалғай Қарасу» аудандары қатаң бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button