Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде кетер жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
«Қарағанды облысында 2020 жылы Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 33 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 11 өндіріс іске қосылды. Өңірдің барлық қалаларында 22 компьютерлік томография кабинеті ашылды. Бұл Қазақстандағы жан басына шаққандағы КТ-ның ең жоғары қамтамасыз етілуі»,- деп атап өтті облыс әкімі.
Биылғы жыл бүкіл әлем үшін өте күрделі болды. Карантин енгізілгеннен кейін іскерлік белсенділік төмендеді, бұл біздің облыстың барлық экспорттық өнімдеріне, соның ішінде мыс пен металл бағасының төмендеуіне әкелді. Дегенмен, Қарағанды облысы оң нәтижелерге қол жеткізді:
1. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. 11 ай ішінде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, кәсіпорындар мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ашу есебінен жаңаларын құру мүмкін болды.
Жұмыспен қамту Жол картасына сомасы 65,5 млрд.теңгеге 625 жоба енгізілді. Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 16 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, ол 140 елді мекенде инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізді. Жалпы осы жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 33 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
2. Өнеркәсіпте күтілетін өсім шамамен 2% құрайды, бұл биылғы жылы жақсы нәтиже. Себебі біздің өңірде экономиканың 50%-ы – ірі өнеркәсіп болып табылады.
3. Инвестиция тарту үшін жақсы жағдайлар бар. Негізгі капиталға шамамен 640 млрд теңге салынды, оның 83%-ы – жеке инвестициялар. Қазіргі уақытта 2 трлн теңгеге жуық сомаға 50 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда. 21 жоба – шетелдік инвесторлардың қатысуымен.
4. Биыл 203,6 млрд теңгенің 11 өндірісі іске қосылды. Облыс тұрғындары үшін 2,5 мыңнан астам қосымша жұмыс орны ашылды.
2021 жылы 1,5 мың жұмыс орнын құрумен 230,2 млрд.теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарланған.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, құрылыста және басқа да негізгі салаларда оң нәтижелер бар.
Денсаулық сақтау жүйесі үшін қиын жыл болды.
Денсаулық сақтау саласы биылғы жылды үлкен тәжірибемен және өз күшіне сенімділікпен аяқтауда. 45 госпитальдің жұмысы ұйымдастырылды. Жезқазғанда 200 орындық модульді госпиталь салынды. 49 денсаулық сақтау нысаны жөнделді.
Көктемнен бастап төсек қоры 3 еседен астам өсті (1 417-ден 4 860 орынға дейін). Қазіргі уақытта аураханалардағы төсек орындардың жүктемелілігі 6%-дан аспайды.
Үйді-үйге барып, шұғыл көмек көрсету үшін 288 мобильді емханалық бригада құрылды. Шалғай ауылдарда 9 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.
ӨЖЖ-аппараттарының саны 2,5 есеге артты. 25 аурухана медициналық газды жеткізудің орталықтандырылған жүйелерімен жабдықталған.
Облыс кәсіпорындары қысқа мерзімде маскалар өндірісін игеріп, нарықты толтырды.
Өңірде дәрі-дәрмектердің үш айлық қоры бар.
Негізгі назар профилактикалық тестілеуге аударылады. Ол үшін қуаттылығы тәулігіне 10,5 мың зерттеуге дейінгі 9 ПТР-зертхана ашылды. Пандемия басталғаннан бері 384 мың талдау жүргізілді.
6,5 мыңнан астам дәрігер COVID-пен ауыратын науқастарға көмекке келді. Осы дертпен «күреске» бірінші рет студент-медиктер жұмылдырылды.
«Дегенмен, алдағы 2021 жылға арналған басымдықтар өзгеріссіз қалады. Бірінші кезекте бұл облыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету. Коронавируспен күрес және денсаулық сақтауды жаңғырту жалғасатын болады», – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ бірінші кезектегі міндеттердің қатарында жұмыс орындарын сақтау және құру қарастырылған.
Екіншіден, экономиканы әртараптандыру қажет. Өңірде әзірге қала құраушы кәсіпорындарға тәуелді 9 моноқалалар бар. Бұл қалалар мен тұтастай алғанда, өңір экономикасының құрылымын өзгерту керек. Өңдеу өнеркәсібіне, күрделі өндірістерге көбірек инвестициялар тарту. Келесі жылы кем дегенде 700 млрд теңге тарту көзделіп отыр.
Құрылыста да жоғары қарқын сақталуы тиіс. Лифтілерді қалпына келтіру және ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары жалғастырылады.