EcoБасты

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Онда парникті газдардың қалдығын азайту мәселесі де қарастырылған. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар Орталығы базасындағы ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың жиналысында ғылыми қауымдастық Тұжырымданы жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

«Ғалымдар және азаматтық қоғаммен бірге Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму Тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Онда парникті газдардың қалдығын азайту секілді түрлі іс-шаралар қаралған. Жиын барысында ғылыми қауымдастық Тұжырымданы жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты»,- деп жазды министр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Жолдауында «Жасыл даму» және ел экономикасын терең көміртексіздендіру бойынша ұсыныстар жиынтығын дайындауға ерекше назар аударған.

Министр Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей, климат мәселелері өзге де елдердің саясатында үлкен рөл ойнайды. Мысалы, былтыр Еуроодақ 2050 жылға дейінгі парник газдары шығарындыларының нетто-нөлдік көрсеткішіне жету бойынша Еуропалық жасыл келісімді қабылдады. Қазақстан да бұл бағыт бойынша алға қадам басып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button