EducationБасты

ҚР БҒМ 2020-2021 оқу жылына қайта бөлінген гранттар тізімін жариялады

ҚР Білім және ғылым министрлігімен игерілмеген гранттарды қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл дайындықтың жекелеген бағыттары бойынша бос игерілмеген гранттарды, оның ішінде квоталық гранттарды беруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Қайта бөлу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: «педагогикалық ғылымдар», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар».

Арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 2763 адам мемлекеттік білім грантын иеленді, оның ішінде дайындық бағыттары бойынша: «педагогикалық ғылымдар» – 1690 адам, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 597 адам, «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» – 391 адам, «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» – 85 адам.

Гранттар тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында https://testcenter.kz/ru/ орналастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button