FinanceБасты

«Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

ҚР Ұлттық банкі «Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.

Монеталарды 28 сәуірден бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

Шақаның номиналы – 1 000 теңге. Жалпы массасы – 62,2 грамм, оның 46,2 грамы 925/1000 сынамалы күмістен, 16 грамы 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады. Дайындау сапасы – «proof». Диаметрі – 50 мм. Шығарылған дана саны – 1000.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button