SocialБасты

Бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Елімізде жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап.

-2020 жылғы 01 сәуірден бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын, күн ара қатынайтын, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетін жаңа №19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» жолаушылар пойызы тағайындалады;

– 2020 жылғы 03 сәуірден бастап №54/53 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Достық» бағытындағы жолаушылар пойызының қатынау жиілігі аптасына 2 ретке (1 рет орнына) көбейтіліп, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтілетін болады;

– №701/702 «Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде Алматы-2 стансасынан 2020 жылғы 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2020 жылғы 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда жөнелтілетін 6 рейс іске қосылады;

– 2020 жылғы 01 сәуірден бастап №321/322 «Алматы-2-Нүкіс» бағытындағы жолаушылар пойызының маршруты Сарыағаш стансасына дейін қысқартылады және Алматы-2 стансасынан тақ күндері жөнелтіліп, күн ара (аптасына 1 рет орнына) қатынайтын болады;

– 2020 жылғы 2 сәуірден бастап №309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының (тасымалдаушы «Otpan Logistic» ЖШС) және №648/647 «Мискен-Бейнеу» бағытындағы (Өзбек темір жолы құрастырған) жолаушылар пойызының құрамында «Маңғыстау-Нүкіс-Маңғыстау» бағытында тікелей қатынайтын вагондар қатынастан алынып тасталады;

– 2020 жылғы 1 сәуірден бастап №393/394 «Алматы-2-Алтынкөл» бағытындағы және №91/92 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынастан алынып тасталады;

– №705/706 «Алматы-2-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызының қатынасы мына күндері: Алматыдан-2 стансасынан 2020 жылғы 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 2020 жылғы 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда уақытша тоқтатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button