PoliticsБасты

Батыстағы автоөндірушілер Ресейге көлік жіберуді тоқтатты

Көрші елдегі автодилерлер Autonews.ru басылымына шетелден машина келмей жатқанын хабарлады. Салдарынан тапсырыс берген тұрғындар көлігін мүлде ала алмауы мүмкін, деп жазады kolesa.kz.

Басылымға ақпарат берген адам мұны «сұмдық жағдай» деп атап, Ресей нарығында енді Қытай көліктері басым болады деген болжам жасады.

Jaguar Land Rover ресейлік сатушыларға 24 ақпаннан бастап жаңа автомобиль жіберуді доғаратынын ескертіпті. Хатта 22 ақпанға дейін тапсырыс берілген көліктер логистика командасы әзірлеп жатқан графикке сай жіберілетіні жазылған. Көп ұзамай басқа өндірушілер де дәл осылай істейтін сияқты.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы JLR ресейлік компаниялармен жұмыс істейді және көлік сатумен Мәскеудегі кеңсе мамандары айналысады. Қазіргі жағдайдың біздің елдегі марка саудасына қалай әсер ететіні әзірше белгісіз.

Ал АҚШ Сауда министрлігі Ресейге жеткізуге тыйым салынған тауарлар тізімін жариялады. Онда ресейлік автоөндірушілерге аса қажет жартылай өткізгіш пен сезгектер бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button