30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
«30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың болашағы мен өңірдегі жағдай бойынша күн тәртбінде тұрған өзекті мәселелер сөз болады», – деп жазды Айдос Үкібай.