Университеттер де алда-жалда инфекция өршіген жағдайға дайындалып, қашықтықтан оқытуға көшу жайын қарастырып жатыр.
COVID-19 вирусы әлемнің 70-тен астам елінде тіркелді. Осыған байланысты Қазақстанда профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Университеттер де алда-жалда инфекция өршіген жағдайға дайындалып, қашықтықтан оқытуға көшу жайын қарастырып жатыр.
Біз толықтай дайынбыз, онлайн форматқа және қашықтықтан оқыту дегенге. Өйткені бізде бүған дейін де осы негізген арналған арнайы платформа жұмыс істеп тұрған, оны, міне үшінші жыл қолданып жүрміз. Күндізгі бөлімдегі дәріс пен семинарларға ұзақ уақыт кетіп қалады, сондықтан біз одан алшақтап жатқанбыз, оның орнына бізде тек байланыс сағаттары бар. Біз, әрине, пікірталасты онлайн режимде күнтәртібіне шығарып, талқылайтын боламыз, – деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің проректоры Сергей Пен.
Сонымен қатар, КАЗГЮУ студенттеріне бұдан бөлек қорғаныс маскалары тегін таратылып беріледі. Студенттер сабаққа дайындалып жатқан залдарда қолды жууға арналған антисептик құрылғылар тұр. Барлық жерде алдын-алу шаралары мен коронавирус белгілері туралы ескертулер бар.