Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әдеп» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Парасатты қоғам және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Л. Н. Гумилев ЕҰУ-дың Әлеуметтік-мәдени даму ісі жөніндегі проректоры академик Дихан Қамзабекұлы, Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел, Телерадио және жұртшылықпен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы оқытушылар мен студенттер қатысты.
Жазира Жылқышиева Департаменттің жүргізіп жатқан жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, оның басты ұстанымы әділеттілік пен парасаттылық болып табылатынын атап өтті.
Бақытжан Жүнісбеков сыбайлас жемқорлықтан азат адамды қалыптастыру жолында елордалық жастармен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, жиында Дихан Қамзабекұлы мен Серікзат Дүйсенғазы сыбайлас жемқорлық тарихынан мысалдар келтіріп, жастарды бұл жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.