Басты

Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды. Белгілі сыйлық лауреаттарға С гепатиті вирусын ашқаны үшін берілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Ольтер, Райс және Хоутонның ашқан жаңалығы С гепатитімен күресте маңызды рөл атқарады. 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А гепатиті мен В гепатитінен басқа, оларға ұқсас тағы бір ауру бар екенін көрсетті.

Еске сала кетейік, биыл Нобель сыйлығы пандемияға байланысты онлайн табысталады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтті. Марапаттар жеңімпаздарға елшіліктер немесе университеттер өкілдері арқылы беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button