SocialБасты

Қазан айында 590 миллионнан астам желілік шабуылдар тіркелді және бұғатталды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) сүйемелдейтін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы ағымдағы жылдың қазан айында 590 миллионнан астам желілік шабуылдар тіркелді және бұғатталды. Осының нәтижесінде мемлекеттік және квазимемлеттік секторлардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына зиянды әсер ету әрекеттеріне жол берілмеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz KZ-CERT ресми сайтына сілтеме жасап.

Электрондық поштаның бірыңғай шлюзі (ЭПБШ) арқылы мемлекеттік сектордың электрондық мекенжайларына бағытталған 32 352 спам-жіберілімдер бұғатталды, сондай-ақ мазмұнында зиянды БҚ қамтылған 1 722 хабарлама бұғатталып, карантинге жіберілді және мақсатты пайдаланушыларға жеткізілген жоқ.

«МТҚ» АҚ Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ағымдағы жылдың қазан айында 1744 ақпараттық қауіпсіздік инцидентін айқындады және пысықтады. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда фишингтік шабуылдардың саны 91% артқанын атап көрсету қажет.

«МТҚ» АҚ Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің сарапшылары пандемияның салдары алаяқтық ресурстар санының ұлғаюына әсер еткеніне назар аударуда. Осыған байланысты дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі кибергигиена қағидаларын ұстанып, әртүрлі, әсіресе дербес деректерді енгізуді қажет ететін хабарламаларды алған кезде мұқият болу ұысынылады.

Естеріңізге салайық, егер Сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбаны болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі арқылы хабарлауды немесе http://www.cert.gov.kz/notify-incidentсілтемесі бойынша өтінім, не incident@kz-cert.kz e-mail-ге хат жіберуді сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button