Басты

USAID Қазақстанның COVID-19-қа қарсы күресін қолдауға 365 млн теңге бөлді

АҚШ үкіметі АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күресін қолдау үшін 365 миллион теңге (800,000 АҚШ долларынан артық) бөлді.

«АҚШ коронавирустық дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықты жалғастырып жатыр. Біз Қазақстанның COVID-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатындағы тез және батыл әрекетін жоғары бағалаймыз», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. «Осындай екіталай уақытта ашықтықты қолдаймыз, себебі, ақпараттың еркін ағыны бұл індетті жеңу және болашақ денсаулыққа төнетін қатерлерге тұрақтылықты арттыру үшін өте маңызды».

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен, Ауруды бақылау және алдын алу орталықтары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп көрсетілетін көмектің басым бағыттарын анықтады. Оның ішіне масштабты тестілеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді дайындау, денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялардың алдын алу және бақылау, COVID-19 қадағалауын және шұғыл әрекет етуді жақсарту, ауруға шалдыққан науқастардың істерін жүргізуді жақсарту, вирус жайында дезинформациямен күрес және Қазақстандағы қауымды вируспен күреске тарту кіреді. Бұл іс-әрекеттерді қолдау үшін USAID Abt Associates, Халықаралық Қызыл Крест Федерациясы арқылы Қазақстандық Қызыл Жарты Ай ұйымына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаражат бөлді.

Бұл жедел көмек АҚШ үкіметінің серіктес елдердің туберкулез, АИТВ және COVID-19 пандемиясы секілді жұкпалы аурулардың алдын алу және бақылау мүмкіндігін нығайту мақсатындағы жаһандық күш-жігерінің ішіне кіреді.

Америка Құрама Штаттары ондаған жылдар бойы әлемдегі денсаулық сақтау саласында көмек көрсету бойынша ең көп үлес қосады. 2009 жылдан бастап американдық салық төлеушілер дүниежүзі денсаулық сақтау мақсатына 100 миллиард доллардан астам және гуманитарлық көмекке 70 миллион долларға жуық қолдау көрсетті. Бұл жомарттық маңызды көпжақты серіктестерге қосқан жарналарымыздың көлемімен де айқындалады.

  • Мысалы, АҚШ-тың 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына салған жарнасы 400 миллион доллардан асты.
  • АҚШ-тың 2019 жылы Босқындар істері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссарының басқармасына берілген теңдессіз қолдауы 1,7 миллиард доллардан асты. Бұл қолдау алдағы уақытта өте маңызды болмақ, себебі, босқындар COVID-19 пандемиясына ерекше осал.
  • Америка Құрама Штаттарының 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) салған жарналары 700 миллионнан доллардан асты. ЮНИСЕФ-тың көптеген жылдар бойы атқаратын іс-шаралары, оның ішінде иммундау науқандары, денсаулық сақтау мен санитария бойынша жаттығулары мен көмегі осы қауіпті патогенмен күресіміздің барысында адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Жұқпалы аурулардың қатері кез-келген жерде қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, Америка Құрама Штаттары басқа донорларды COVID-19-бен күресу мақсатындағы жаһандық күш-жігерге ат салысуға шақырады.

###

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, сонымен қатар, тұрақты дамуға өз үлесін қосады. Толық ақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында және https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/ фейсбук парақшасында.

###

Басқа жаңалықтар

Back to top button