ӘлемБасты

Еуро-2020 турнирінің жүлде қоры қанша?

Еуро-2020 турнирінің жүлде қоры 331 млн еуроны құрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Vesti.kz мәліметінше, Франциядағы футбол тойында жалпы жүлде 301 млн еуроны құраған.

Өткен аптада футболдан Еуропа чемпионаты мен Оңтүстік Америкада «Америка Кубогы» турнирі қатар басталды. Осы орайда әлем жұртшылығының назары екі құрлықтың басты додасына ауып отыр. Бұл ретте кәрі құрлық турнирінің жүлде қорына назар аударсақ.

Жалпы Еуропа біріншілігінің жүлде қоры 331 млн еуроны құрап отыр. Салыстырмалы түрде Франциядағы соңғы турнирде 301 млн еуро болған еді. Іріктеуден іркілмей өтіп, төрт жылда бір келетін футбол тойына жолдама алған құрамалар 9,25 млн еуроны қанжығаларына байлайды. Топтық кезеңде жеңіске жеткен команда 1 млн еуро алса, тең нәтижеге қол жеткізгендер жарты млн табысқа ие болады. Сонымен қатар 1/8 финалға жолдама алған ұжым 1,5 млн еуро еншілейді. Ширек финалға шыққан құрама 2,5 млн, ал жартылай финалда өнер көрсететін команда 4 млн табысқа кенеледі. Жарыстың финалында өнер көрсететін құрамалар 5 млн-нан және УЕФА жеңімпаз ұжымның есепшотына қосымша 3 млн еуро аударады.

Футбол мамандарының пікірінше, биылғы жарыстың басты фавориттері – Франция, Англия әрі Бельгия құрамалары. Алайда әр турнирде сенсациялар орын алатынын ескерген жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button