TechБасты

Суды үнемдеу мақсатында Қазақстандағы суару арналарын цифрландыру жоспарлануда

Бес жыл ішінде Қазақстанда су ресурстарын үнемдеу мақсатында негізгі суару арналарын цифрландыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келді. Мәселен, биылғы жылы К-19 магистралды каналын цифрландыру бойынша алғашқы пилоттық жоба іске асырылды, онда Түркістан облысының Мақтарал ауданында ұзындығы 12,0 км болатын суармалы жерлердің ауданы 3,6 мың гектардан асатын суды есепке алу және бақылау жүйесі орнатылған, онда 328 шаруа қожалығы орналасқан. Бұл жабдықты іске қосу суару режимінің 45%-на дейін суармалы судың артық шығынын анықтауға мүмкіндік берді», – деді М.Мырзағалиев Үкімет сағатында.

«Су ресурстарын үнемдеу және сенімді есеп жүргізу үшін алдағы 5 жыл ішінде ел бойынша негізгі арналарды кезең-кезеңімен цифрландыруды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button