AgroБасты

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту керек – Сапархан Омаров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың төрағалығымен министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша онлайн-кеңес өтті. Іс-шараға Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңесте салалық нормативтік құқықтық актідегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, автоматтандыру, Мемлекеттік қызмет көрсетулерді жеделдету және сапасын арттыру, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымдарын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Сапархан Омаров сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларына жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Министр ведомство қызметінің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлықты жою іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау қажеттігін тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button