SocialБасты

ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

Енді ХҚКО мемлекеттік қызметтерді Homebank қосымшасында QR-код арқылы төлеуге болады. mVisa технологиясы негізінде QR-кодты және мобильдік QR-төлемдерді қолданатын жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ пен Halyk Bank бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде азаматтар мемлекеттік қызметтердің ақысын дәл осы жерде Homebank қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, әп-сәтте әрі қауіпсіз төлей алады.

Мемлекеттік қызметтердің ақысын төлеудің осы тәсілін пайдалану үшін:

  • ХҚКО менеджеріне қызметке тапсырыс беру қажет, ол бір минуттың ішінде өтінімді және төлем үшін QR-кодты құрайды. QR-код әр клиент үшін әрбір қызметі бойынша жеке құрылады.
  • смартфоныңыздағы Homebank қосымшасын пайдалана отырып, QR-код таңбасын қосу қажет;
  • сізге қызмет көрсетіп отырған менеджердің мониторында жасақталған QR-кодты сканерден өткізіп, әп-сәтте төлем жүргізу қажет.

Бұл қызметті сондай-ақ QR-төлем функциясы орнатылған басқа банктік қосымшаларды және Қазақстанның ұялы операторлары қосымшаларын пайдаланушылар да қолдана алады.

Қазіргі уақытта ХҚКО-да мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігінің, оның ішінде әділет органдарынан, басқа мемлекеттік органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нотариустарынан шығатын құжаттарға апостиль қоюдың, некеге тұру туралы анықтаманы алудың, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға қайта куәлік алуға, азаматтық хәл актілері жазбаларын жоюға өтінім берудің және басқалардың ақысын төлеуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button