ӘлемБасты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті

Германия, Берлин қаласы

Германияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ  жоғары деңгейде өтетін «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button