Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді.