SocialБасты

Маңғыстау облысы 18 автобус және 2 медициналық жылжымалы кешенмен толықты

Облыс әкімі Серікбай Трұмов  Ақтау қаласының автобус паркіне 18 дана заманауй үлгіде жасақталған  қоғамдық көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобустар Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» АҚ-ның зауытында құрастырылған. Сыйымдылығы 70 жолаушыға (27 орындық) арналған. «Yutong» маркалы көлік экологиялық таза дизель отынымен  жүреді.  Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін газ қозғалтқыштарымен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін төмен еденді етіп құрастырылып,  арнайы көтергіш құралы орнатылған. Жаңа қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шарасы да  қарастырылған. Бейнебақылаумен жабдықталған. Жазда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін салқындатқыш қойылған.Алдағы уақытта GPS  қондырғысы қойылады.

Облыс әкімі  қала халқын қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа қоғамдық көліктер ақтаулықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттылған маңызды қадам екенін атап өтті.

«Өңірде қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ-ы бастамасымен 2018 жылы «Ақтау қаласы автобус паркін жаңарту» бағдарламасы жасақталды. Сондай-ақ, бұл «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы бағдарламасына да енгізілген болатын. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында жолаушылар тасымалы мен оларды субсидиялау мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырған болатын.  Міне бүгін  Ақтау қаласына елімізде құрастырылған  отандық өнім  қала тұрғындарын тасымалдайтын болады. Көліктер құтты болсын!»,-деді Серікбай Трұмов.

Автобустардың жалпы құны 721,8 млн. теңге, оның 30%-ы алғашқы жарнасы мемлекет тарапынан төленді, ал қалған 70%-ы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік бағадарламасы арқылы төленеді. (1 автобустың құны 40 100 000 теңге).

Бұдан кейін, көлік табыстау шарасы  денсаулық сақтау саласында жалғасты. Медицина басқармасының  материалдық-техникалық базасы  тағы 2 жылжымалы медициналық кешенмен толықты.  Өңір басшысы С.Трұмов отандық автокөлік негізінде құрыстырылған және көшпелі жағдайда азаматтардың денсаулығын тексерудің кең спектріне арналған техникаларды  Түпқараған мен Қарақия аудандық ауруханаларына табыстады.

Жылжымалы медициналық кешендер цифрлық құралдармен жабдықталған. Рентген, Ультрадыбыстық зерттеу секілді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілген.  Бұл кешенде медициналық тексерулер, диспансерлік тексерулер, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету, медициналық және зертханалық зерттеулер, салауатты өмір салтын үгіттеу және қалыптастыру қызметі жүргізілмек. Арнайы жасақталған көлік облыс орталығынан шалғай орналасқан халыққа медициналық қызметтерді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button