Басты

Павлодар облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты кездесулер онлайн режимінде өтіп жатыр. Бүгін Әбілқайыр Сқақов бүгін Павлодар мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Мәшһүр Жүсіп» қорының өкілдерінен өтініш келіп түсті. Павлодарлық қоғам белсенділеріне қолжазбаларды араб және парсы тілдерінен аударуға және осы еңбектерді басып шығаруға қолдау қажет екен. Кітап шығаруда әдістемелік қолдау мен көмек көрсетуге онлайн байланыста болған Торайғыров университеті мамандары уәде берді. Өңір басшысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына ЖОО-мен бірге қорға қолдау көрсетуді тапсырды.

Облыс әкіміне Павлодардағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №157 үйдің тұрғындары да жүгінді. Қала тұрғындары бірнеше жыл бойы ауламызда шағын футбол алаңы орнатылады деп күтіп жүргендерін айтты. Павлодар қаласының әкімі Ержан Имансләмға аталған жерге арнайы комиссиямен барып, учаскедегі желілердің өту сызбасын зерделеп, коммуналдық қызметтермен бірлесіп алаң құрылысы бойынша ымыралы шешім табу тапсырылды. Павлодарлықтардың басқа сұрақтары жеке сипатта болды. Ал Нұр-Сұлтан қаласынан келген кәсіпкер Павлодар облысының әкіміне мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландыруға көмектесетін технологияны енгізуді ұсынды. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар қабылданып, бақылауға алынды.

Павлодар облысы әкімінің қабылдауына мына нөмірлер бойынша жазылуға болады: +7 (7182) 66-39-96, 65-10-50, WhatsApp мессенджері арқылы+7 702 1 661 661.

Басқа жаңалықтар

Back to top button