Басты

Министр Аида Балаева «Қызыл қар» атты романның тұсаукесеріне қатысты

Бүгін, 16 қазанда, Алматы қаласында белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» атты романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Қызыл қар» романның авторы, белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли,  бірқатар республикалық  бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, жазушылар, ғалымдар және басқа да шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде министр, өмірінде де, көркем әдебиетте де Жұмабай Шаштайұлы шынайы позицияны ұстанатын азамат, сонымен бірге ел журналистикасының дамуына өз үлесін қосқан журналист екендігін атап өтті.

«Қызыл қар» атты дебюттік шығарма сонау Кеңес дәуірі кезеңінде жазылып, сол тұстағы жоғары сыншылардың сынына іліккенін білеміз», – деді Аида Балаева.

«Қызыл қар» романы жуық арада кітапханалар мен кітап дүкендеріне жеткізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button