«Қазгидромет» РМК 6-8 қараша аралығындағы ауа райы болжамы туралы мәлімет ұсынды.
«Өтіп бара жатқан антициклон демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райын қалыптастырады. Бұл ретте температураның біртіндеп көтерілу үрдісі сақталады.
7-8 қарашада Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы: батыста түнде -5 градус аяз +5 градус жылы, күндіз +5+15 жылы; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде -3-11 градус аяз, +1+8 градус жылы; оңтүстікте түнде -1-10 градус жылы, күндіз +3+12 градус жылы; оңтүстік-шығыста түнде +5+15 градус жылы, күндіз -3 аяз +8 градус жылы болады», – делінген синоптиктер хабарламасында.