Басты
68 млн теңгенің медициналық қолғабы шетелге заңсыз аса жаздады
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері осы санаттағы тауарлардың Қазақстаннан заңсыз әкетілуіне жол бермеу үшін өткізу пункттеріндегі бақылауды күшейтті.
Шекарашылар медициналық жеке қорғаныс құралдарын заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.
«Қазақстандық шекарашылар 2020 жылғы 15 маусымда «Жаңа жол» автомобиль өткізу бекетінде (Солтүстік Қазақстан облысы) жалпы сомасы 68 миллион теңгеден асатын медициналық қолғаптың ірі партиясын заңсыз әкетушілердің алдын алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.»
Қазіргі уақытта Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері осы санаттағы тауарлардың Қазақстаннан заңсыз әкетілуіне жол бермеу үшін өткізу пункттеріндегі бақылауды күшейтті.