Басты

Жоғары оқу орындарында абайтану курсын оқыту қолға алынады

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында еліміздегі ақын ескерткіштерінің қатары тағы бір мүсінмен толықты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бүгін Семей қаласында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» атты ескерткіш ашылды. Бұған дейінгі ескерткіштерде Абайдың жалғыз өзін бейнеленсе, бұл жолы қос ұлы Ақылбай және Тұрағұлмен тұрған сәті тасқа қашалған. Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қатысып, шымылдығын ашып берді.

Биыл атаулы жылдың аясында өңірде ақынның атын ұлықтайтын бұдан да өзге бастамалар жүзеге асырылды. Семейдегі әуежайға Абайдың есімі берілді. Сондай-ақ Семей мен Жидебайдағы ақын мұражайы толық жаңартылып, кесенесінің айналасы абаттандырылды. Шетелдегі елшіліктер жанынан «Абай орталықтары» құрылып, Семей қаласына тарихи орталық статусы берілді. Ал елордадағы Еуразия Ұлттық университетінің жанынан Абай академиясы құрылды.

Сондай-ақ бұдан былай жоғары оқу орындарында абайтану курсын оқыту қолға алынады. Бұл туралы Президент бүгін абайтанушылармен кездесу барысында айтып өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағын ауданы мен осы аудандағы спорт кешенін аралап көрді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button