Басты

Сәулетшілер жастарға арналған бюджеттік шағын үйлер ойлап тапты

Канадалық сәулетшілер әлемдегі тұрғын үй бағасы ең қолжетімсіз қалалардың бірі Ванкуверге арналған арзан шағын үйлердің жобасын жасап шықты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ауданы 25 шаршы метр болатын нысандар қымбат тұрғын үйлерді сатып ала алмайтын жас мамандарға арналған. Мұндай үйді жалдау ең қолжетімді пәтерден бес есе арзанға түседі.

Авторлар бұл жобаға «ұя» деген ат берді. Шындығында, ол нысандар – көптеген бөлімдерден тұратын 10 метрлік капсула. Олардан кез келген қажетті кеңістікті жасап алуға болады: қонақ бөлме, ас үй, жуынатын бөлме, жатын бөлме.

Сондай-ақ олар көкөністер мен шөптер өсіруге арналған гидропондық қондырғымен жабдықталған. Үйлер қарапайым материалдардан тұрғызылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button