Келесі айда 2700 жылдық тарихы бар Қазақстанның алтын қазыналары Ұлыбританияда алғаш рет Кембридждегі Фицуильям музейіне қойылады.
Көпшіліктің көңілін аударатын элемент – жас садақшының жерленген қорымы болады. Дәулеті мен әлеуметтік статусына сай жасалған қабір мыңдаған жылдар бойы тас үйіндісімен қорғалған.
Сақтар салған үш қорғаннан табылған жүздеген артефакті 28 қыркүйектен бастап көрмеге қойылады. Көрмеге келушілер көлемі Батыс Еуропамен тең елдің бай тарихымен танысып, терең түсіне алатын болады.
Дереккөз: thetimes.co.uk/