SocialБасты

Жамбыл облысында сақ қорғандары сатылып кетті

Бүгінде балбал тасы бүлініп, қорым түгел сүріліп бизнес орнына айналған.

Атқарушы билік мемлекеттің қорғауындағы «Ақшешек» обалы қорымының қалай рәсімделіп кеткеніне өздері де аң-таң, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазір қайнаған құрылыс алаңына айналған аймақ құдды археологиялық қазба жұмыстарына көп ұқсайды. Бірақ күрек ұстағандар тарихшы емес, демалыс орнының іргетасын құйып жатқан құрылысшылар.

Бұл жерге «Ақшешек» обалы қорымы деп айшықтап, ескерту тақтайшасы да қойылған. Мемлекеттің қорғауындағы деген бұл төл құжаттың қазір көк тиын құны жоқ. Ал кәсіпкер қолдан қолға сатылған жердің құжатын қолдан емес, әкімшіліктен алғанын айтты.

«Бүкіл рұқсат құжатым бар. Міне жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 0692039331. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – демалыс орындарымен халыққа қызмет көрсету нысандарын салу үшін», – деді кәсіпкер Қайсар Молдақұлов.

Ал ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының мамандары жер берген жергілікті әкімдіктің әрекетін құзырлы органдар анықтап жатқанын айтады.

Қазір аудан басшылары жекенің қолындағы жердің сатылған жылын анықтап, мұрағат ақтарып әлек.

Қазір жоғалған балбал тастарды іздестіруге ішкі істер бөлімі, құжаттан кеткен қателікті қайта көруге жер қатынастар бөлімі, бұрынғы әкімнің шешімін бүгінгі әкімнің бұзу жолдары қарастырылуда. Бірақ бұл мәселенің шешілер күні белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button