Басты

Ауылдағы жастарға қандай қызмет түрін дамытуға болатынын үйретінін жоба қолға алынды

Бүгін елордада өткен Ауыл жастарының II республикалық форумында «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы жастар қанатының белсенділері ауылда өз кәсібін дөңгелету, жастарды идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу бойынша бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Партияның жастар қанаты белсендісі Айдар Саттаров жақында Facebook-тегі парақшасында «Ауыл жастары» парағын ашқанын, онда ол бизнесте тәжірибесі бар адам ретінде ауылдағы жастарға қандай қызмет түрін дамытуға болатындығы туралы кеңестерімен бөліскенін жеткізді.

«Ауылда салт-дәстүріміз сақталған, ауылда ақ жаулықты әжелеріміз, ақсақалдарымыз тұрады. Олар жастардың басын қосып, білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін беріп, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптейді. Демек, мемлекет басшылары айтатын ұлттық код ауылда. Менің міндетім – ауылдың өсіп-өркендеуіне қолымнан келгенше көмек көрсету. Мен екі ай бұрын Facebook-те «Ауыл жастары» парақшасын жүргіздім. Арнайы видео түсіріп, ауылда қандай жобаларды қолға алып, немен айналысуға болатыны туралы ұсыныстар айттым. Көп пікірдерді оқып, бұл идеяны интернетте жалғастыра бастадым», – дейді Айдар Саттаров.

Ол жастарды идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу бойынша жоспар құруды ұсынды.

«Бұл мәселеге қатысты менде нақты идея мен ұсыныстарым бар. Кейбірін жоғарыда айтып өттім. Жастар қанаты отбасы институтын дамыту бойынша, партия бастамаларын қолдау туралы нақты ұсыныстар айтуы керек. Ауылға қандай мамандар қажет екенін анықтап, ұсынымдарды партия басшылығына, тиісті құзіретті органдарға жеткізіп отыру керек. Мен бастаған «Ауыл жастары» жобасын жалғастырып, қай ауылда немен айналысуға болатыны туралы сапалы видеороликтер түсіру керек. Сонда ғана партияның жас мүшелері қоғамның дамуына үлес қоса алады», – дейді ол.

Аталған партияның Қызылорда облысы бойынша жастар қанатының өкілі Айтбай Нұрмағанбет жастар қанаты жанынан экосарбаздар құруды ұсынды.

«Мен жастар қанаты жанынан экосарбаздар құруды ұсынамын. Форумға қатысып отырған жастар бір бағытты, бір мақсатты ұстанатын жастармыз, сондықтан біріге жұмыс істеуіміз керек. Келешек біздің қолымызда», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button