
Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ ұлттық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарды
Медеу ауданының прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады, – деп мәлімдейді прокуратураның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттықты өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан.
«Бірақта ғимараттардың бірі кейіннен бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған.
Сонымен қатар спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген.
5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған» – делінген хабарламада.
Медеу ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен, мүлік объектілері ұлттық университетке қайтарылды.