EducationБасты

3 мыңға жуық қазақстандық ірі білім платформасынде тегін онлайн оқуға өтініш білдірді

3 мыңға жуық қазақстандық жаппай онлайн білімнің Coursera жетекші алаңына қызығушылық танытып, ақысыз онлайн білім алуға өтініш білдірді. Осылайша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өтініш қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Coursera ірі білім платформасымен жасалған келісім шеңберінде қазақстандықтар үшін ақысыз негізде 4,4 мыңнан астам түрлі курстар қолжетімді. Сонымен бірге ресурста ұсынылатын орындар саны 50 мыңмен шектелген.

Бағдарламалауға қызығатындар үшін Coursera Мичиган университетіндегі «Барлығына арналған бағдарламалау (Python арқылы жұмысты бастау)» сияқты әртүрлі курстар ұсынады. Курс танымал Python бағдарламалау тілін қолдана отырып, компьютерлік бағдарламалау негіздерін үйретуге бағытталған.

Курстың алдын ала қоятын талаптары жоқ және компьютерде орташа тәжірибесі бар кез келген адам курс материалдарын меңгере алады.

Coursera мәліметінше, оқу аясында алынған білім мансапқа жағымды әсер етеді. Мәселен, курс түлектерінің 39% бағдарламалау саласында жаңа мансапты бастады, 12% көбірек кіріс таба бастады немесе қызметінде жоғарылады, 39% өз мансабында өзге де артықшылықтарға ие болды. Курсқа шамамен 1,9 миллион адам қызығушылық танытты.

Қазақстандықтарға арналған курстардан басқа, кез келген адам үшін бірнеше ақысыз бағдарлама бар. Мысалы, әлем бойынша 1 миллионнан астам адам ниет танытқан «Мансапта өсуге арналған ағылшын тілі» курсы. Ол ағылшын тілінде сөйлемейтін, алайда өзінің еңбек жолында әлемдік нарықта бақ сынағысы келетін жандарға бағытталған.

Оқыту нәтижесі көрсеткендей, курсты аяқтағандардың 40% жаңа мансапты бастаса, 41% қызмет көкжиегі кеңейіп, 17% кірісін көбейтті немесе жұмыста жоғарылады.

Еске сала кетсек, Coursera алаңындағы тегін оқу курстары 15 қазанға дейін электронды еңбек биржасы арқылы өтінім берген және 31 қазанға дейін coursera.org платформасында тіркелгенін растаған азаматтарға жылдың соңына дейін қолжетімді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button