Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК қажетті жол жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2 614 арнайы навигациялық белгі орнатылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы кеме қатынасы су жолдарының жалпы ұзындығы 2 104 шақырымды құрайды. Республикадағы кеме тізілімінде 781 өзен кемесі мен 18 959 шағын көлемді кеме тіркелген.
Кеме қатынасы Іле-Балқаш, Ертіс және Орал-Каспий бассейндерінің кеме қатынасы аймақтарында жүзеге асырылады. Ал негізгі жүк тасымалдары еліміздің батыс аймағында орындалады. Тасымалданатын жүктердің негізгі номенклатурасын құм-қиыршықтас қоспасы (ПГС), шағылтас, құм, көмір, қиыршықтас, әлеуметтік жүктер мен балық өнімдері құрайды.
Су бассейіндері мен олардың учаскелері
- Ертіс су бассейні
– Қара Ертіс сағасы – Приозерное айлағы
– Приозерное айл. – Құйған айл.
– Құйған айл. – Бұқтырма ГЭС-і
– Бұқтырма ГЭС-і – Өскемен ГЭС-і
– Өскемен ГЭС-і – Төменгі Лопатинский қайр.
– Төменгі Лопатинский қайр. – Төм. Азовский қайр.
– Төменгі Азовский қайр. – Шүлбі ГЭС-і
– Шүлбі ГЭС-і – Семей
– Семей – Майтүбек
– Майтүбек – Павлодар
– Павлодар – Төменгі Алексеевский
- Жайық-Каспий су бассейні
– Кривостарицкий жары – Т. Барбастауский жары
– Жайық-Каспий арнасы – Атырау қаласынан (орталық қалалық автожол көпірі) кіреберіс буйға дейін
– Қиғаш өзен учаскесі
- Іле-Балқаш су бассейні
– Қапшағай су қоймасы – Сыналау аймағы
Шығыс бағытта:
– Балқаш – Аралтөбе
– Аралтөбе – Қарақұм
Оңтүстік-Батыс бағытта:
– Балқаш – Мыңарал
- Гидротехникалық құрылыстар
– Шүлбі шлюзі
– Бұқтырма шлюзі
– Өскемен шлюзі