ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ел Үкіметі жүзеге асырып жатқан Президент Жолдауын іске асыру шаралары туралы баяндады. Мәселен, Қазақстан Үкіметі өңірлік саясат пен аумақтық дамытуды жетілдіруді жоспарлап отыр.
«Елдің дамуы өңірлердің теңгерімді дамуы негізінде ғана мүмкін болады. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары қабылданады, ол өңірлік стандарттар жүйесі негізінде «инфрақұрылым адамдарға» қағидатын іске асыруға бағытталған», — деді Р.Скляр.
2020 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының 94%-ы сумен қамтамасыз етілген. Бұл 17,7 млн адам.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін 1,3 млн-ға жуық ел азаматтары тұратын 1 922 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау желілері мен су тазарту жүйелерінің құрылысы жалғасатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.