EducationБасты

SAT емтиханына қандай өзгерістер енеді?

Келесі жылы халықаралық SAT (Scholastic Aptitude Test) емтиханы толықтай цифрлық форматқа көшеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі New York Times басылымына сілтеме жасап.

Тағы бір өзгеріс емтиханның математика бөлімінен қорқатындар үшін жақсы жаңалық болғалы тұр: бұл бөлімнің тапсырмаларын орындау үшін калькулятор қолдануға рұқсат берілетін болды, одан бөлек, оқуға арналған үзінділер де ендігі уақытта қысқартылып беріледі.

Онымен қоса, емтиханның ұзақтығы да өзгереді. Әдеттегі үш сағаттық тестілеу сеансы екі сағатқа қысқарады. АҚШ-та бұл өзгерістер 2024 жылы басталғанымен, өзге елдерде 2023 жылы күшіне енеді.

Өзгерістердің себебі, Колледждер кеңесінің пікірінше, емтиханды заманауи стандарттарға сай ету болып отыр. Аталмыш кеңестің Колледжге дайындықты бағалау бойынша вице-президенті Присцилла Родригестің айтуынша, бұл өзгерістер оқуға түсу процесін жеңілдетіп әрі емтихан тапсыру атмосферасын қолайлырақ етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button