Басты

Ақтөбеде волонтерлер саны екі есе артты

Ақтөбеде волонтерлер саны артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сәбит Мұқан мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Жыл басында құрамында мыңға жуық еріктісі бар 35 топ қызмет етсе, қазіргі таңда 2 мыңнан астам мүшесі бар 90 волонтерлік топ бар.

Облыс бойынша Волонтерлер базасы жасақталып жатыр. Онда 2 мыңға жуық волонтер тіркелген. Оның 62% – әйел, 38% – ер адамдар.

Биыл «Біргеміз» тұжырымдамасы негізінде «Білім», «Сабақтастық», «Саулық», «Таза Қазақстан», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Үміт» сынды жеті бағытта жалпы ұлттық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Осыған орай облыс әкімдігі жоғарыда аталған «Біргеміз» тұжырымдамасы негізінде өңірде волонтерлық қозғалысты дамыту, жастар арасында кең насихаттау мақсатындағы іс-шаралар мен жобаларды пысықтап, 43 тармақтан тұратын өңірлік жұмыс жоспары құрылды.

«Жоспар аясында жеті бағыт бойынша 200-ге жуық шара ұйымдастырылса, бұл жоспардан бөлек, төтенше жағдай режимі кезінде облыстық еріктілер штабы құрылып, құрамына 300-ден астам волонтер жұмылдырылды»,- дейді басқарма басшысы Сәбит Мұқан.

Биыл індет өршіген кезде #Бізбіргеміз акциясы аясында 374 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде 4356 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, 20 мыңнан астам адамға медициналық бетперде таратылды.

Сонымен бірге үйде ем қабылдайтын ардагерлерге жергілікті емханалардан дәрі-дәрмек жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button