Басты

Қазақстанда әуе рейстерінің бағасы арзандады

Жолаушыларға арналған әуе компаниялар қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 19%-ға төмендеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz 

Осы жылдың қаңтар мен шілде аралығында әуе компаниялар 2,6 млн адамды тасымалдаған. Өткен жылмен салыстырғанда 43,1%-ға төмендеген. Ал тікелей шілде айындағы рейстер бойынша 304,9 мың жолаушы ұшқан. Бұл маусым айындағы көрсеткіштен 36,6%-ға аз.

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешімі бойынша 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуды кезең-кезеңімен қайта басталды. Олар: БАӘ (11 рейс), Германия (5 рейс), Беларусь (4 рейс), Украина (3 рейс). Жеті айдың қорытындысы бойынша жүк пен жол жүгін тасымалдау 10,9 мың тоннаны құрады.

Сектордағы қызметтердің мейлінше арзандауы Шымкентте (51,3%-ға), Нұр-Сұлтанда (46,4%-ға) және Ақтөбе облысында (37,2%-ға) байқалды. Төрт өңірде баға өзгеріссіз қалды: Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында. Тағы екі өңірде қызметтер қымбаттады: Атырау облысында бірден 18,5%-ға, ал Қостанай облысында – 4,3%-ға.

Басқа жаңалықтар

Back to top button